Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі
Сенім телефоны
+7 7172 754-547
Тегін қоңырау

You are here

Әуежайларда жер үсті қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы» 2010 жылғы 15 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңының 65-бабының  2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

1. Қоса беріліп отырған Әуежайларда жер үсті қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы бекітілсін.

2.Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму  министрлiгiнiң Азаматтық авиация комитетi:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2)   осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеу күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

3)   осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

4)   осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

5)   осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
  2. Осы бірлескен бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Инвестициялар және даму министрі

_________________ Ж. Қасымбек

 

 

   Қазақстан Республикасының 

   Ұлттық экономика министрі

    ______________ Т. Сүлейменов

 

   
 
Жарияланған: 18.05.2017
Жаңартылған: 18.05.2017
© 2017

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі

Индустриалды даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті