Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі
Сенім телефоны
+7 7172 754-547
Тегін қоңырау

You are here

Комитеттің төрағасы

Акбердин Рустам Александрович
Акбердин Рустам Александрович

Рустам Ақбердин 1961 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. 1984 жылы Мәскеу болат және қорытпа институтын тәмамдаған. Білімі бойынша - инженер-металлург. Техника ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолын 1984 жылы Мәскеу болат және қорытпа институтының болат және ферроқорытпалар электр-металлургия кафедрасында зерттеуші-тағылымгер қызметінен бастаған. Одан кейін мемлекеттік органдар мен коммерциялық компанияларда түрлі лауазымдарды иеленген. 2001 жылдың ақпанынан бастап ҚР Білім және ғылым министрлігінің «ШБ» ЖАҚ президенті, 2003 жылдың шілдесінен ҚР Индустрия және сауда министрлігі өнеркәсіп салалары департаменті директорының орынбасары болып қызмет атқарды.

2005 жылдың қаңтарынан ҚР Индустрия және сауда министрлігі Бәсекелестікті қорғау комитеті төрағасының орынбасары болды. 2008 жылдың ақпанынан ҚР Индустрия және сауда министрлігі кәсіпкерлікті дамыту департаментінің директоры,  ҚР Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігінде кәсіпкерлікті дамыту департаментінің директоры болып жұмыс істеді. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау Агенттігінің төрағасы қызметін атқарды. «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының Инновациялық комитеті төрағасының бірінші орынбасары лауазымын атқарған (2010-2012 жж.). 2012-2016 жылдары Еуразиялық экономикалық комиссияда Кәсіпкерлік қызметті дамыту департаментінің директоры болып, кейін Экономика және қаржы саясаты бойынша Алқа мүшесінің (министрдің) көмекшісі ретінде еңбек еткен. 2017 жылдың маусымынан ҚР ИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік Комитетінің төрағасы

© 2017

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі

Индустриалды даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті