Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі
Сенім телефоны
+7 7172 754-547
Тегін қоңырау

You are here

Жаңалықтар

0604/17
КАЗАХСТАН ПРЕДСТАВИТ ОТЧЕТ О ПОДГОТОВКЕ К 25-МУ ВСЕМИРНОМУ ГОРНОМУ КОНГРЕССУ

ҚАЗАҚСТАН ДҮНИЕЖҮЗІЛІК 25-ШІ ТАУ-КЕН КОНГРЕСІНЕ ДАЙЫНДЫҚ ЖӨНІНДЕ ЕСЕП БЕРЕДІ

Венада Дүниежүзілік Тау-кен Конгресінің халықаралық ұйымдастыру комитетінің  97-ші отырысы өтуде. Онда Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриалды даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары, Дүниежүзілік тау-кен конгресі Халықаралық ұйымдастыру комитетінің мүшесі Қанат Баитов «Astana Mining & Metallurgy» конгресі базасында 2018 жылдың 19-22 маусымында Астанада өтетін 25-ші Дүниежүзілік Тау-кен Конгресіне дайындық жөнінде есеп берді.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Құрметті төрағасы болып табылатын Ұлттық Ұйымдастыру Комитеті (ҰҰК) құрылған және сәтті жұмыс істеуде. Құрамында ұлттық компаниялар, салалық қауымдастықтар, ғылыми институттар мен бизнес көшбасшылары бар ҰҰК отырыстары Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің базасында өтеді. Шараның операторы ретінде Iteca көрме компаниясы бекітілді. Бұл компания 20 жылдан астам уақыт Қазақстан бойынша ірі халықаралық конференциялар мен көрмелерді өткізіп келеді.

Венадағы отырыста түрлі тақырыптарды және тау-кен металлургиялық кешеннің барлық байланыстарын қамтитын ДТК-ін өткізудің кеңейтілген бағдарламасы таныстырылды. Онда геологиялық барлау мен өндіруден бастап, байытуға дейінгі, бағалау тәуекелдерінен бастап халықаралық қаржыландыруды тартқанға дейінгі аралық қамтылады. Бағдарламада өнеркәсіптің барлық базалық салаларын жаңғыртуға, Индустрия 4.0 бағдарларамасының элементтерін енгізуге және әлемдік Тау-кен металлургиялық кешенінде оны үздік тәжірибемен қолдану мәселелеріне айрықша басымдық берілді.

Алда болатын конгресте Тау-кен металлургия саласын инвестициялау мәселелеріне назар аудару жоспарлануда. Дайындық барысында Mines&Money (Еуропадағы тау-кен өндіру өнеркәсібін инвестициялау жөніндегі ірі конференция) конференциясымен келіссөздер жүргізілді және 2018 жылы ДТК базасында инвестициялық конференция өткізу туралы келісім талқылануда. Бұл келісім жүзеге асса, болашақта Қазақстанға 300-ден астам инвестор тартуға мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, конгресті өткізу бағдарламасы тартымдылықты арттыруға және қаржылық-инвестициялық топтардың көптеп қатысуын қамтамасыз етуге бағытталып, әзірленді. Бұл жерде жер қойнауы туралы Кодекстің қабылдануы және «Астана» халықаралық қаржы орталығының болашақтағы қызметі өте маңызды.

Еске сала кетейік, 2016 жылдың 21 қазанында Рио-де-Жанейрода өткен Дүниежүзілік Тау-кен Конгресі аясында Конгрестің дәстүрлі символы «Май шам» салтанаты өтіп, ДТК өткізу құқығы эстафетасы Қазақстан Республикасына берілген болатын.

«Қазақстан үшін тау-кен металлургия кешені ел экономикасының маңызды салаларының бірі болып табылады. Жалпы өнеркәсіп өндірісі құрылымында ТМК 18% құрайды. Сондықтан, 2018 жылы Дүниежүзілік тау-кен конгресін Астанада өткізу біз үшін үлкен оқиға болмақ. Бұл шара еліміздің барлық секторына жағымды әсер беретіні сөзсіз. Бүгінгі дейін жинаған тәжірибеміз бен білімімізге сүйене отырып, 2018 жылы ДТК-ін жоғары халықаралық деңгейде өткізетінімізге сенімдімін», - деп атап өтті Қанат Баитов.

Сондай-ақ, Қанат Баитов Дүниежүзілік Тау-кен Конгресінің құндылығы  оның зерттеуге және саланың ірі компаниялары қызығушылық танытып отырған соңғы зерттемелерге ғылыми институттар көптеп тартылатынында, деп атап өтті. Оның айтуынша, қазіргі уақытта халықаралық коммерциялық және инвестициялық ұйымдар тарапынан Конгреске қатысуға қызығушылық жоғары. Және олардың қаржылық қолдауы ауқымды шараны жоғары деңгейде ұйымдастыруға мүмкіндік береді.


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келеді ма?

© 2017

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі

Индустриалды даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті