Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі
Сенім телефоны
+7 7172 754-547
Тегін қоңырау

You are here

Жаңалықтар

1403/17
Объявление!

Хабарландыру!

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрі - ИДМ) 2017 жылғы 5 сәуірде ашық нормативтік құқықтық актілер интернет-порталында қызметі жарылғыш материалдардың айналымымен байланысты субъектілерді мемлекеттік қадағалау жүйесін жетілдіру реттегіш құралдың реттеуші әсерін талдау нәтижелерін қоғамдық талқылау жүргізілетінін хабарлайды.

Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы Кәсіпкерлік кодексіне енгізу үшін ұсынылады:

144-бапты келесі мазмұндағы 7-1 –тармақшамен толықтыру:

«7-1. Жарылғыш заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды өндiру, пайдалану, қайта өңдеу, қалыптастыру, сақтау, тасымалдау, жою мәселесі бойынша жоспардан тыс тексерулер тексерілетін субъектіні алдын ала хабардар етпестен және тексерудi тағайындау туралы актiнi тiркеместен, оны кейiннен құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi уәкiлеттi органға келесi жұмыс күнi iшiнде ұсына отырып жүзеге асырылады.»;

147-баптың 1-тармағының екінші абзацы келесі редакцияда берілсін:

«Жоспардан тыс тексеру жүргiзу кезiнде, осы Кодекстің 144-бабы 3-тармағының 2), 7), 9) және 10) тармақшаларында, 6 және 7, 7-1-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, бақылау және қадағалау органы тексеру жүргiзу нысанасын көрсете отырып, тексерiлетiн субъектiге жоспардан тыс тексеру жүргiзудiң басталатыны туралы осы тексеру басталғанға дейiн кемiнде бiр тәулiк бұрын хабарлауға мiндеттi».

Талқылау форум режимінде онлайн талқылау тәсілінде жүргізіледі, осыған орай реттегіш құралға қатысты ұсыныстарыңыз бен ескертулеріңізді ашық нормативтік құқықтық актілер интернет-порталында ұсынуыңызға болады.

 


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келеді ма?

© 2017

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі

Индустриалды даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті