Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі
Сенім телефоны
+7 7172 754-547
Тегін қоңырау

You are here

Жаңалықтар

1503/17

Экспортты жылжыту бойынша анықтама

 

Инвестициялар және даму Министрі Ж.М. Қасымбек және сыртқы істер Министрі К.К. Абдрахманов Қазақстандық өнім экспортын шетелдік нарықтарға ілгерлету өзара әрекеттесуді күшейту бойынша іс-шаралардың бірлескен жоспарына қол қойды.

Жоспар ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасын орындау мақсатында 2017 жылдың 31 қаңтарындағы «Қазақстанның үшінші жаңартылуы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» деп аталатын мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы сұрақтары бойынша ҚР Үкіметінің 2017 жылы 3 ақпан айында кеңейтілген мәжілісінде өңделді.

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі (әрі қарай - Министрлік) Бірлескен жоспар аясында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігін (әрі қарай - СІМ) шетелдер қиылысындағы Қазақстан үшін экспорттық әлеует туралы ақпаратпен, экспортқа бағытталған компаниялар және олардың қызығушылығы туралы ақпаратпен тұрақты түрде қамтамасыз етеді.

СІМ-нен, өз кезегінде сыртқы сауда іс-әрекеттерін реттеу, біздің өнім үшін әлеуетті тауашаны анықтау, сенімді серіктестерді іздестіру, қазақстандық экспортты жылжыту бойынша іс-шараларды ұйымдастыруға үлес қосу тәртібі туралы ақпаратты қажет етеміз.

Бірлескен жоспар 2017 жылға арналған және мерзімі жыл сайын ұзартылатын болады. Сондай-ақ, қажет жағдайда оның мазмұнына түзетулер енгізтілетін болады.

Экономикалық дипломатияны жандандыру үшін Министрлік СІД арқылы барлық қазақстандық дипломатиялық өкілдіктерді ағымдағы жылда қазақстандық бизнестің қатысуымен шетелде өтетін іс-шаралардың жоспарлануы туралы ақпараттандырды. Бұл отандық өнімді шығару бойынша сауда миссиялары, шетелдегі көрмелер және басқа жарнамалық-тұсаукесерлік іс-шаралар.

Осы іс-шараларды жүргізуге үлес қосу, әлеуетті серіктестерді әрекетке тарту, сонымен бірге елшіліктердің тәжірибесі жоқ екендігін ескере отырып, ынтымақтастықты кеңейту туралы СІМ-мен келісімдерге қол жеткізілді.

Экспорттаушыларға арналған export.gov.kz порталында әр елшілік серіктес-елдің әлеуеттік мүмкіндіктері туралы парақшаны жүргізетін болады, сонымен қатар сұраныстарды жедел өңдеу үшін эскпорттаушылармен тікелей байланысу мүмкіндігіне ие. Сонымен бірге, бүгінгі таңда 12 нысаналы елдердің және экспортқа шығаруға болатын келешегі бар тауарлардың тізбесі анықталды. Берілген мәлімет және негізгі отандық өндірушілер тауарлары осы елдердің елшіліктеріне дейін жеткізілді.

Оған қоса, қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Үкіметімен қызығушылығы артқан мемлекеттік органдар және бизнес-қауымдастықтардың қатысуымен экспорттық саясат бойынша Кеңес (әрі қарай - Кеңес) құрылуда.

Кеңестің басты міндеттері:

-     экспорт саласындағы басым бағыттарды анықтау;

-     отандық тауарлар мен қызметтердің экспорттық әлеуетін арттыру бойынша ұсыныстар мен рекомендацияларды өңдеу;

-     Қазақстан Республикасының экспорттық әлеуетін дамытуды ынталандыратын ортақ келісімдерді жасау бойынша, бизнес пікірін есепке алумен бірге ұсыныстар мен рекомендацияларды өңдеу;

-     Қазақстан Респубикасының бірыңғай экспорттық стратегиясын жасау бойынша ұсыныстар мен рекомендацияларды өңдеу.

Бірлескен жоспар және Кеңес Ұлттық экономика министрлігімен құрылынып жатқан Қазақстанның бірыңғай эспорттық ұлттық стратегиясымен тығыз байланыста болады.

Экспорттаушыларға нарықтар мен сатып алушыларды іздестіруден бастағанда эскпорттық қаржыландыруға және сақтандыруға дейін сервистік және қаржылық демеу көрсете отырып, «бір терезе» қағидасы бойынша жұмыс жасайтын және барлық аймақтар бойынша өзінің филиалдар желісі, сондай-ақ шетелде өкілдігі бар «KAZAKH EXPORT» эскпорттық ұлттық компаниясын құру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

 


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келеді ма?

© 2017

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі

Индустриалды даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті